Атырау, 26 қараша 18:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эдуард Сноуден АҚШ-қа оралу үшін қандай шарт қоятынын мәлімдеді

1 978 просмотра

Image 0Қазір Ресейде тұрып жатқан америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдуард Сноуден АҚШ-қа оралуға қатысты шарт қойды, - деп хабарлады WMUR9 телеарнасы.

Ол Skype арқылы нью-гемпширлық Liberty Forum-мен байланысқа шығып, билік оған әділ сот істерімен қамтамасыз етсе, экстрадициялауға келісетінін хабарлады.

"Мен үкіметке егер билік қоғам мүддесін қорғауым үшін әділ сотқа кепілдік берсе, оралатынымды айттым… және қазылар алқасы шешім қабылдай алады", - деп келтірді Сноуденнің сөзін телеарна. - АҚШ Ресейде болғаным үшін мені мінейді, алайда кетуіме мүмкіндік бермейді".

Еске сала кетейік, Эдуард Сноуден 2013 жылы маусымда Washington Post және Guardian басылымдарына АҚШ пен Ұлыбританияның арнайы қызметтерінің Интернеттегі ізге түсу бағдарламаларына қатысты бірқатар құпия материалды ұсынды. Осыдан кейін ол Гонконгқа, ол жақтан Мәскеуге ұшып кетті.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.