Атырау, 6 желтоқсан 16:35
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Сирия астанасында бірнеше жарылыс болды: 80-нен аса адам қаза тапты

1 797 рет қаралды

Image 0Сирия астанасында болған бірнеше жарылыстың салдарынан 80-нен аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, жарылыс 21 ақпанда Дамаск қаласындағы Сеида Зейнаб кварталында болған. Дамаск полицейлерінің айтуынша, лаңкестер кемінде үш жарылыс жасады. "Жарылыстан 80-нен аса адам қаза тапты, 200-ден аса адам жарақат алды", - деді жергілікті полицейлер.

Жергілікті ақпарат құралдары Сирия астанасында болған жарылыстарды ДАИШ-тың мойнына алғанын хабарлады. Сонымен қатар, полицейлердің терактілерді ұйымдастырды деген күдікпен екі адамды ұстағаны белгілі болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 ақпан 2016, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.