Атырау, 29 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Баспанасыз қалған отбасы құжаттарын қалпына келтіруде

1 801 просмотра

Image 0Николай ОРЛОВ пен Елена ПРИДАНОВАНЫҢ отбасы әзірге құжаттарын алған жоқ. Қажетті құжаттарын ресімдеу үшін әйелге «өлілер қатарынан тіріліп келу» керек.

Жыл басында жұртшылық кішкентай балалары бар атыраулық отбасының қыстың қақ ортасында баспанасыз қалғаны туралы хабардар болған еді. Көп жылдар бойына шаруа қожалықтары мен ауылдағы үй-жайларда нандықтарын тауып, көшіп жүрді. Ата-аналарының да, балаларының да құжаттары болмады («Тізімде жоқ отбасы»). Бұл отбасы көп жылдар бойына бірде бір рет билікке де, дәрігерлерге де жүгінбеген. Елена үш баласын медиктердің көмегінсіз, өзі босанған. Бірақ кезекті панажайлары өртеніп кеткен соң отбасы баспанасыз қалады.

Осы ахуалға байланысты қалалық әкімдіктің, ҚІІБ қызметкерлерінің және медиктердің қатысуымен комиссия құрылды. 14 қаңтарда комиссияның шешімімен балаларымен бірге анасы уақытша әйелдерге арналған Дағдарыс орталығына, ал отағасы – белгілі бір мекен-жайы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды.

– Анасы мен балалары медициналық тексеруден өтті. Әйелге медициналық көмек көрсетілді. Ал балалардың барлығына жоспарлы екпе егілді, - дейді әйелдерге арналған Дағдарыс орталығы директорының орынбасары Айбарша ИМАНҒАЛИЕВА. - Балаларға жәрдемақы тағайындамас бұрын ата-аналарының құжаттарын қалпына келтіру керек.

Еленаның бұрын дерекқорда өлгендер тізімінде болуы жағдайтын қиындатып тұр.

Қазір сот тәртібімен өлгендігі туралы куәліктің күшін жою мәселесі шешілуде. Сот отырысы келесі аптаға белгіленген.

Николай Орлов қазір Әлеуметтік бейімдеу орталығында, бірақ дағарыс орталығындағы отбасына үнемі барып тұрады. Ол да әзірге құжаттарын алған жоқ.

Баспана алуға отбасы кезекке тұра алмайды. Тағы да сол құжаттардың жоқтығына байланысты. Атырау қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Марта НҰРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Николай мен Елена жеке бас куәлігін алғаннан кейін ғана кезекке тұруға жұмыстана алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 ақпан 2016, 22:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.