Атырау, 29 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шөкеев зауыттықтармен жекешелендіру туралы сөйлесті ме?

2 019 просмотра

19 ақпанда Атырауға «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ келді.

Ұлттық әл-аухат қорының басшысы АМӨЗ-ді қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, бензол өндіретін «ССR» қондырғысында, параксилол өндіретін «РХ» қондырғысында, салынып жатқан мұнайды терең өңдеу кешені (МТӨК) құрылысында болды.

Шөкеевтің зауыт ұжымымен кездесуі жабық режимде өтті. Кейбір деректер бойынша, түрлі ағымдағы мәселелермен бірге болашақта зауытты сату туралы әңгіме қозғалған Зауыт пен әуежай кімге және қалай сатылады?» мақаласын қараңыз). Кездесуден кейін ол облыс әкімі Б. ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ есеп беруіне қатысты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АМӨЗ» АҚ баспасөз қызметінен алынды

19 ақпан 2016, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.