Атырау, 29 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Билік 160 көшені асфальттауға уәде берді.

2 648 просмотра

Image 0Қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ. Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ әдеттегідей жұртшылық алдында есеп берді. Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы өз қарауындағы әкімнің баяндамасы облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ ойынан шықты.

Ожаев, атап айтқанда, 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы ахуал бойынша облыс орталығы тұрғындарының саны 301 265 адам (2014 жылға қарағанда 10 313-ке көп) құрайтынын хабарлады. Атырауда 6 584 адам өмірге келіп, 1 324 адам қайтыс болған. Меншіктің барлық түріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар 168,6 млрд теңгеге өнім өндірген. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 11,3 млрд теңгені құрады, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдері – 2,3 млрд теңге, өсімдік шаруашылығы – 9 млрд теңге.

Тұрғын үй құрылысына 19,2 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Қала бойынша 366,3 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, соның ішінде 299,9 мың шаршы метр жеке құрылыс есебінен, 63,4 мың шаршы метр мемлекеттік меншік есебінен және 3 мың шаршы метр – шетелдік меншік есебінен.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Нұрсая ықшамауданында кезекте тұрғандар үшін жалпы алаңы 7,5 мың шаршы метр болатын екі тұрғын үй құрылысы, сонымен қатар жалпы алаңы 16,2 мың шаршы метр болатын несиелік бес тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Өткен жылы жұмыспен қамту органдарына 6 949 адам жүгініп, оның 2 946-сы жұмысқа орналасты, 624 жұмыссыз білім алып, жаңа мамандық алды, 825 адам уақытша жұмысқа орналасты.

Екі жаңа мектеп пайдалануға берілді, Балықшы округінде Отаралиев атындағы мектептің құрылысы басталды. Нұрсая ықшамауданында 624 орындық мектеп пен техникалық гимназияның жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Жұлдыз ықшамауданындағы 624 орындық мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, құрылысын ағымдағы жылы бастау жоспарланды.

«Бизнес-Көмек» әлеуметтік жобаларды қолдау мемлекеттік қоры» қаржыландыратын Атырау және Ақсай елді мекендерінен спорт кешендерін салу жобаларын орындау биылғы жылға көшті.

Залдан қойылған бірнеше сұрақтарға облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов түсінік берді. Оның айтуынша, биылғы жылы 160 көше асфальтталатын болады (нақтыланған тізімдер туралы сауалды редакция жолдаған болатын - З. Б.). Облыс әкімі, сондай-ақ, кардиоорталықтың қосымша алаңмен кеңейетінін хабарлады: қазір жалғама үшін ЖСҚ дайындалуда, 2017 жылы оны салуға кіріседі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 ақпан 2016, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.