Футзал
«Атырау» ДСК-нде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанының 27 жылдығына арналған мини-футболдан турнир өтті.
Турнирге жеті қалалық команда мен ауғандық жауынгерлерден құрылған «Ардагерлер» командасы қатысты. Жартылай финалда кездескен «Аламан» мен «Санжар» арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз ойыннан кейінгі пенальти бойынша анықталды – «Аламан». «Ардагерлер» мен «Махамбет» арасындағы кездесу 1:2 есебімен соңғысының пайдасына шешілді. Финалда «Аламан» «Махамбетті» 3:1 есебімен ұтты. Ал, үшінші орын үшін өткен матчта «Санжар» «Ардагерлерді» 6:3 есебімен жеңді. Турнирдің үздік ойыншылары: сұрмерген – Өмірбек Харесов («Санжар»), шабуылшы – Жомарт Жантөрин («Махамбет»), қорғаушы – Жексенбай Құсайынов («Санжар»), қақпашы – Ғалымжан Әміров, үздік ойыншы – Мәди Кенжиев (екеуі де «Аламаннан»).
***
Бокс
«Атырау» ДСК-нде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанының 27 жылдығына арналған мини-футболдан турнир өтті.
Турнирге жеті қалалық команда мен ауғандық жауынгерлерден құрылған «Ардагерлер» командасы қатысты. Жартылай финалда кездескен «Аламан» мен «Санжар» арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз ойыннан кейінгі пенальти бойынша анықталды – «Аламан». «Ардагерлер» мен «Махамбет» арасындағы кездесу 1:2 есебімен соңғысының пайдасына шешілді. Финалда «Аламан» «Махамбетті» 3:1 есебімен ұтты. Ал, үшінші орын үшін өткен матчта «Санжар» «Ардагерлерді» 6:3 есебімен жеңді. Турнирдің үздік ойыншылары: сұрмерген – Өмірбек Харесов («Санжар»), шабуылшы – Жомарт Жантөрин («Махамбет»), қорғаушы –Жексенбай Құсайынов («Санжар»), қақпашы – Ғалымжан Әміров, үздік ойыншы – Мәди Кенжиев (екеуі де «Аламаннан»).
***
Дзюдо
Ақтөбеде 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтті. Командалық есепте облыс құрамасы бесінші орын алды (өткен жылы 10-орынды місе тұтқан еді).
66 келіге дейінгі салмақта Жылыой ауданының тумасы Манас Қайырбай «алтын» иеленсе, 73 келіге дейінгі салмақта Серікболсын Шынтасқа тең келер қарсылас болмады. Жәнібек Тельман (50 келіге дейін) мен Айзада Алмаз (44 келіге дейін) «қола» иеленді. Жеңімпаздар Азия чемпионатында ел намысын қорғау құқығына ие болды.
***
Баскетбол
Шу қаласында «Атырау Барыстарының» 1998 ж.т. жасөспірімдер командасы баскетболдан ҚР чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Чемпионатқа сегіз команда қатысты. «Барыстар» барлық кездесуде де жеңіске жетті. Шешуші матчта олар өткен жылғы чемпион «Ақтөбемен» кездесіп, 17:57 есебімен жеңді.
Бұл жолы «Атырау Барыстары» командасы құрамында Жоғары Лига чемпионатында өнер көрсететін төрт ойыншы - Ілияс Жүнісов (капитан), Артем Парфенов, Асқар Табешев және Нұрлыбек Қонысов - ойнағанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Академия шәкірттері Ерасыл Наурызалиев, Асылхан Маркс, Ілияс Нағимов, Әділхан Марат, Иван Добриков және Олег Балашов алаңға шықты.
Команданы жаттықтырушылар Эдуард Скрипец пен Саламат Торғаев дайындады.
***
Дойбы
Драма театрдың фойесінде дойбыдан кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанының 27 жылдығына арналған турнир өтті.
Жарысқа барлығы 35 дойбышы қатысты. Ерлер арасындағы турнир швейцариялық жүйеде 7 турмен өтті. Қорытындысында Исатай Тайманов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ерзат Кенжеғали мүмкін болар 14 ұпайдың барлығын жинап, жеңімпаз атанды. Бұдан екі ұпай кем жинаған АМГИ студенті, спорт шебері Мардан Тұрсынханов «күміс» медаль иеленді. Үшінші орынды тағы бір АМГИ студенті Талғат Айтжанов алды (9 ұпай). Әйелдер арасындағы жарыс айналма жүйеде 8 турмен өтті. Мұнда қала сыртындағы Ақсай ауылының оқушысы Данагүл Жұмалиева жеңімпаз атанса, екінші орынды АМГИ студенті Әйгерім Уәлитханова, үшінші орынды Қазақ соқырлар қоғамынан Жұпар Сәрсекенова алды.
***
Жүгіру
Волгоградта Cталинград түбінде фашист әскерлерін тас-талқан етіп жеңудің 73 жылдығына арналған 69-ыншы Бүкілресейлік Волга жағалауымен жеңіл атлетикалық жүгіру өтті.
Жарысқа бірнеше мың спортшы қатысты. Атыраудан 10 шақырым қашықтыққа жүргіруге АМжГИ профессоры Асқар Қазиев қатысты. Ол өзінің 50-59 жас аралығы тобында алтыншы болып келді.
Суретте: А. Қазиев
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ