Атырау, 20 сәуір 11:11
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Газ сигнализаторлары ажалдан құтқарады

2 441 просмотра

Image 03 қаңтарда Махамбет ауданының Алмалы селосында қайғылы оқиға орын алды. 24 жастағы тұрғын таңға қарай түнгі сауық-сайраннан оралып, 19 және 29 жастағы бауырларының қасына барып ұйықтап қалады. Ол күмәнді иісті сезбеген еді, өйткені, табиғи газдың иісі жоқ деуге болады. Оның үйге ең соңынан келуі оның өмірін арашалап қалды. Бауырлары ұйқыда жатып, жылу қазандығының жарамсыздығы салдарынан газдан уланып көз жұмды, ал, ортаншы бауырын дәрігерлер құтқарып қалды».

«15 ақпанда өткен брифингте облыстық ТЖД бастығы Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ (суретте) осы және газ жабдықтарының жарамсыздығына байланысты орын алған басқа да қайғылы оқиғалар туралы әңгімеледі. Тұрғындардың барлығын қазандықтар мен басқа газ аспаптары бар орынжайларға газ дабылқаққыштар орнатуға шақырды.

Олар қымбат емес – 4 мыңнан 21 мың теңгеге дейін, – дейді департамент басшысы.

Жылыту маусымы басталғанда облыс бойынша табиғи газдан төрт адам уланып, қаза болды: Махамбет ауданында екі өлім, Жылыой және Исатай аудандарында бір-бірден өлім оқиғасы тіркелді.

Қалыптасқан ахуалға байланысты ТЖД-нің бүкіл штаты алты күндікке көшті деуге болады.

Сенбі сайын Атырау қаласында «өрт қауіпсіздігінің сенбіліктері» өткізіліп тұрады. Мұнда кезекті ықшамауданды аралауға бүкіл жеке құрам шығады – жадынамалар таратады, газ жабдықтарын пайдалану бойынша нұсқаунамалар өткізеді, тұрғындар жиналысына қатысады.

С. Өмірзақов, сондай-ақ, облыс жолдарында қызметтердің төтенше жағдайларға әзірлігі туралы әңгімеледі. Бүкіл жеті ауданның өрт сөндіру депосына жол апаттарына қолданылатын «Халматра» құтқару жабдықтарының жиынтығы бар «Патриот» УАЗ пикапы сатып алынды. Оған пневматикалық жастықтар, домкраттар, қайшылар мен майысқан көліктерді кесуге арналған басқа да құралдар кіреді.

Көктемге дайындық шеңбе-рінде еріген су мен жаңбыр суларын сорып шығару үшін облыстық бюджет қаржысына 15 мотопомпа сатып алынды. Өртке су себетін түтік құбырлар қоймасы құрылды. Облыс бойынша алты өрт сөндіру сорғы станциясы, әрқайсысында екі шақырымдық өртке су себетін түтіктер қоры бар. Көрші облыстардың өртке қарсы қызметтерімен өзара көмектесе әрекет ету жоспары бекітілді. Олар ауқымды көлемде су басқан жағдайда көмекке келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

18 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.