Атырау, 12 сәуір 01:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Аудан жаңалықтары

2 723 рет қаралды

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Ганюшкино ауылында пәтер кезегінде тұрғандар үшін 60 пәтерлік үй пайдаланылуға берілді.

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

Жуырда ауданда жер телімдерін сату ұйымдас-тырылды.

Оған қатысуға 20-ға жуық кәсіпкер қызығушылық білдірген. 39 жер телімі аукционға шығарылып, 12-сі сатылды, мемлекетке 3,5 млн теңге қаржы аударылды. Жер сату жалғасатын болады.

ИНДЕР АУДАНЫ

Аудан жастары қарттардың аула-қорасын тазартуға көмектесті.

Индербор кенті, Жарсуат, Өрлік, Қызылжар, Бөдене елді мекендерінде тұратын 40-тан астам қартқа көмек көрсетілген.

***

Мал және егіншілікпен айналысатын 55 шаруа мемлекет тарапынан 116 млн теңге субсидияға қол жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.