Атырау, 4 мамыр 08:06
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жайықта тыныш, Ойыл – қауіпті

1 684 просмотра

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ТЖД басшысының орынбасары Абай СҰЛТАНҒАЛИЕВТЫҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті.

Баяндамашының айтуынша, Жайық өзенінің жоғары жағында күздік ыңғалдану нормадан төмен болды, алайда қысқы қар қоры нормадан бір жарым-екі есе асып кетті. Жалпы, облыстың басты су артериясында өр суы өткен жылғы деңгейде болады деп күтілуде. Ойыл өзенінде су тасқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Мұнда қалыпты 23,6 млн текше метрдің орнына 140 млн текше метрдей «үлкен су» келеді деп күтілуде. Сағыз бен Жем өзендерінде көктемгі су қаыпты деңгейден төмен болады. ал Қиғаш өзеніне су жіберуді Волгоград гидро желісі реттейді, сондықтан мұнда болжам жасау қиын. Дегенмен, қала және аудан әкімдеріне бөгендерді бекіту туралы, «Қазавтожол» АҚ пен «ҚТЖ» филиалдары басшыларына жол астында орналасқан су өтетін құбырларды тазалау керектігі жөнінде хат жіберілді. Облыстық ТЖД-да төтенше бригадалардың 14 күндік жұмысына жеткілікті азық-түлік, жанар-жағар май қорлары жасалды. Облыс әкімдігінің төтенше жағдай резерві 960 млн теңгені, шұғыл іс-шаралар резерві 100 млн теңгені құрайды.

Халыққа құлақтандыру үшін республикалық құлақтандыру жүйесінің 17 электр дабылы орнатылды. Олардың 10-ы Атырау қаласында, қалғаны аудан орталықтарында.

Облысымызда 515 шақырым су тасқынына қарсы бөгеттер бар (өзендікі – 411 шақырым, теңіз – 104 шақырым), бұлардың 185 шақырымы қауіпті жағдайда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА

17 ақпан 2016, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.