Атырау, 17 желтоқсан 17:07
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Нұрсая 11 үйге көбейді

2 599 рет қаралды

Image 017 ақпанда Нұрсая ықшамауданындағы 11 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұлардың барлығы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде салынған. Жалпы саны 105 пәтер болатын №№86 және 107 үйлерден бір Ұлы Отан соғысына қатысушы, 17 жетім бала, әлеуметтік осал топқа жататын 29 отбасы, жалғыз баспанасы апатты деп танылған бір отбасы, сондай-ақ, 57 мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекемелердің қызметкерлері баспана алды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 9 үй - №87, 88, 90, 93, 95, 103, 104, 105, 106 үйлер тапсырылды. Оларға 450 отбасы – төлем қабілеттілігін растаған кезекте тұрған 218 тұрғын мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 232 салымшысы қоныстанады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 ақпан 2016, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.