Атырау, 10 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Міне, әжей, есептегіш осылай үнемдейді!

2 524 просмотра

Image 0Жыл басынан бері жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарымен жабдықталған үйлер тұрғындары үшін жылу тарифі 58%-ға өсті. Осылайша, жылу есептегіштерді орнатудың экономикалық тиімділігі күмән туғыза бастады.

Мәметова көшесіндегі №1 үйдің тұрғыны Натальяның айтуынша, өткен жылы тұрғындар ортақ есептегіш орнатуға келісім берген. Жылу берушілер мен ПИК өкілдері арнайы шақырылған жиналыста бірауыздан бұл аспап жылуға төленетін ақшаны біраз үнемдеуге мүмкіндік береді дескен еді. Алдағы бес жыл бойы жылу есептегіш үшін айына төлейтін 300 теңге үнемделген жылуға төленетін ақшамен оңай жабылады деген. Осы жағдайды түсіндіруді сұраған әйелге АЖЭО абоненттік қызметі 1 қаңтардан бастап ортақ жылу есептеу аспабы бар үйлердің пәтер иелері үшін жылу тарифі 58%-ға өскенін хабарлайды, ал ортақ есептегіштері жоқ үйлер үшін баға небары 9%-ға өсіпті.

- Біздің осы үнемдеуіміздің пайдасы қайсы?- дейді түсіне алмаған әйел. Ортақ жылу есептегіштермен жабдықталған басқа үйлердің тұрғындарын да осы сұрақ мазалайды.

- Жалпы ауданы 85,3 шаршы метр пәтерді жылыту үшін біз желтоқсанда 3 601 теңге төледік. Оған есептегішті орнату бағасын – 256 теңгені қосыңыз. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені жылу есептегіш орнатпастан бұрын айына сегіз мың теңгедей шығатын. Алайда қуанышымыз ұзаққа созылмады, бізге қаңтар айына 7 013 теңге есептепті. Температуралық айырманы есептегеннің өзінде бұл үлкен сома,- дейді сеніммен Авангард 4-ықшамауданның тұрғыны Ирина.

ТМРжБҚКД қызметкерлері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап коммуналдық тарифтер өсетіні туралы ақпарат таратқанда осы мәліметті баспасөзден жасырып қалса керек Жылу 19 теңгеге қымбаттайды, жарық тарифі бұрынғыша қалады»).

Естеріңізге салсақ, 2015 жылғы 30 қарашада монополияға қарсы департамент қызметкерлері журналистерге баспасөз бетшесін таратып, сол кезде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаменті басшысының м.а. Әлсейіт САБЫРОВ әріптесім Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВҚА баспасөз бетшесін бере тұруын өтініп, бас жағын жыртып алып, кері беріпті.

- Адамдарды шатастырып не керек, ең бастысы – жылуға арналған абоненттік төлем ғой,- деп құжаттың жыртылған бөлігін қалтасына салып алыпты.

«АЖЭО» АҚ-тың өткізу және сату бөлімінің басшысы Әлібек ҚАЛЖІГІТОВ жыл басынан бастап Атырау қаласы тұрғындары жылуға көбірек төлейтіндерін растады. Біріншіден, желтоқсанда орташа ауа температурасы метеорологтардың деректерінше 0 градус болса, қаңтарда -5 градусты құрады. Екіншіден, Атырауда орташаландырылған жылу тарифы 18%-ға өсті, соның ішінде есептеу аспаптары бар үйлер үшін 58%-ға, аспаптары жоқтарға 9%-ға көтерілді, апатты үйлерге арналған тарифтер де артты.

- Тұтынушыларды осы есептегіштерді орнатуға үгіттегенде тарифтердің осылай көтерілетіні сіздерге белгілі болды ма?

- Жоқ, біз тарифтермен айналыспаймыз, бұл мәселені кәсіпорнымыздың жоспарлау бөлімі қарайды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2014 жылдан бері бізде жалпыүйлік есептеу аспаптарын орнату бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Біз жиналысты жазда жүргіздік, тұрғындарды үгіттедік, есептеу аспаптарын қондыруға техникалық мүмкіндігі бар үйлер тізімін сұрастырдық. Техникалық мүмкіндік деп құрғақ жертөле мен жылу камераларын айтып отырмын. Есептеу аспаптары өте қымбат, олар белгілі бір жағдайда ұсталып, оған тек ПИК қызметкерлері ғана кіруі керек. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін біз бұл жұмысты жалғастырамыз.

Жылу берушілер барлық үйлерді жылу есептегіштермен жабдықтап болуы керек деген нақты мерзім жоқ. 2014-2015 жылдары энергетика басқармасы 75 есептегіш орнату керек деп жоспар бекітіп, бұл сәтті орындалды. 1 ақпанға дейін Атырауда 323 жалпыүйлік жылу қуатын есептеу аспабы орнатылды және осылардың 127-сі АЖЭО-ның есебінен екі жыл мерзімде бөліп қайтару талабымен қондырылды. Бұлар алты жылда бір рет тексеріледі және диспетчерлік орталыққа қосылады – барлық көрсеткіштер автоматты түрде біздің компьютерлерімізден көрінеді. Қалған аспаптарды үй салушылар, тұрғындардың өздері, сондай-ақ термомодернизация кезінде орнатты.

- Ал егер адамдар есептеу аспаптарының үнемдемейтінін көргеннен кейін орнатқылары келмесе ше? Бас тартқанқандары үшін ешқандай айыппұл салынбайтын шығар?

- Жоқ, ешқандай айыппұл жоқ. Жабдықтар тұтынушының қалауымен орнатылады.

АЖЭО-ның жоспарлау бөлімінің бастығы Гүлнар СЕЙДАҒАЛИЕВА, өз кезегінде, үкімет деңгейінде бекітілетін тарифтерді есептеу әдісіне сілтеме жасады:

- Біз хабарландыру бердік, қоғамдық тыңдау өткіздік, өткізу бөлімі түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Барлық жерде тариф өсті, барақ үйлер үшін де жылу қымбаттады.

Ол нақты түсінік алу үшін монополияны реттеу департаментіне хабарласуға кеңес берді. Алайда, өкінішке орай, ТМРжБҚКД басшысы қазір іссапарда, ал орынбасары еңбек демалысында екен. Ал адамдар қазір төлеулері керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2016, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.