Атырау, 10 мамыр 11:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Коммуналдық базардағы еттер қайда?

2 126 просмотра


Бүгін, 13 ақпанда, қалалық «Сарайшық» коммуналдық базарындағы ет павильонында сауда тоқтап қалды.

Бұған себеп, жақында өткен қала әкімінің есеп беруінде облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ «Сарайшық» базарында бағаларды рұқсатсыз көтеріп сату мәселелері бар екенін атап өткен еді.

Біздің көзімізше «Сарайшық» базарынң директоры Асқар БИСЕНОВ еттерін төмен бағамен сатқысы келмейтіндерге павильонды босатуды талап етті. Бұл сөзге құлақ аспағандарды Бисенов шақырған күзетшілер қуып жіберді.

Етті қандай бағамен сатуға болады? Бисенов қабырғадағы кестені көрсетті: «сиыр, қой еті – 1000 теңге, жылқы еті – 1100, түйе еті – 850 теңге».

Біз сұрақ қойған сатушылардың барлығы да не істерлерін білмей жүргендерін айтты. Көтерме саудада 1 келі ет бағасы 1200 теңгеге көтерілген, сондықтан бөлшек сауда жасаушылар оны 1400 теңгеден сатуға мәжбүр. Көтерме бағамен сатып алған етті енді не істемек?

Біз көтерме саудамен айналысатын бір адамға жолықтық. Оның айтуынша, қазір барлық малды Ақтауға тасып жатыр екен, сол жерде ет бағасы өте қымбат дейді, мысалы, сиыр еті – 1900 теңге.

Бұл жағдайда «азық-түлік интервенциясын» неге іске қоспайды? Жергілікті нарыққа төмен бағамен азық-түлік өнімдерін шығару бұрын жасалып жүрді. «Атырау» ӘКК басқаратын тұрақтандыру қорында «интервенция» жасауға арналған көкөністермен қатар ет те бар. Біз «Атырау» ӘКК-ге сұраныс жібердік, жауап күтеміз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

13 ақпан 2016, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.