Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасалды

2 838 рет қаралды

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, криминалдық полиция Атырау қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 8 ақпанда шамамен сағат 20.30-да басқа күдіктімен бірге 37 жастағы Түркия азаматына қарақшылық шабуыл жасаған.

Шетелдік үйінің жанында өзінің «Лексус» көлігінде отырған кезде бетперде киген екі жас жігіт машинаға жақындап келген. Қоқан-лоққы көрсетіп, оның 300 мың теңгесін алып қойған. Содан кейін өздерін айналма көпір маңына апарып тастауға мәжбүрлеген. Сол жерде оны ұрып-соғып, көлік дөңгелегін тесіп, оқиға орнынан бой тасалайды.

Қазір ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екінші қылмыскер іздестірілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 ақпан 2016, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.