Атырау, 10 мамыр 20:18
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Атырауда Алтынбек Сәрсенбаевты еске алды

2 359 просмотра


11 ақпанда Атырауда бұдан 10 жыл бұрын қорғаушысы Бауыржан БАЙБОСЫНОВ және жүргізушісі Василий ЖУРАВЛЕВПЕН бірге өлтірілген белгілі мемлекет қайраткері Алтынбек СӘРСЕНБАЕВТЫ еске алып, ас берілді.

Іс-шараны ҮЕҰ өкілдері, саяси партиялардың мүшелері және қоғамымыздың әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысып жүрген Атырау қаласының қарапайым тұрғындары ұйымдастырды.

Еске алушылар өз сөздерінде А. Сәрсенбаевтың өмірі мен қызметі туралы айтты. «Алтынбекті өлтіруге «тапсырыс беруші» сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаев пен ҰҚК-нің бұрынғы офицерлері сотталғанымен, қоғамда осы он жыл бойы «басты кінәлілер осылар ма?» деген күмән қалып отыр. Мен қашан болса да шындықтың жарыққа шығып, әділдіктің орнайтынына сенемін», - деді азаматтық белсенді Минал КЕНЖЕКОВ.

Жиналғандар Алтынбек Сәрсенбаев сияқты даңқ пен атақ туралы ойламаған, Қазақстанның жарқын болашағы үшін күресіп, жанын берген белгілі адамдардың есімі халықтың есінде мәңгі қалатынын айтты.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

12 ақпан 2016, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.