Атырау, 11 мамыр 01:43
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлейді

4 942 просмотра

8 ақпанда «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салым иелеріне өтемақы төлеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарттарға қосымша келісімдер жасауды бастады.

Өтелуі тиіс салымдардың жалпы сомасы 171,9 млрд теңгені құрайды. Атырау облысы бойынша 18 тамызда 9 млрд 307 млн теңге мөлшерінде портфелі бар 20 мыңнан астам келісімшарт ашылды.

- Ұлттық валюта еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне көшкеннен кейін (2015 жылғы 18 тамыз) «Бәйтерек» басқарушы холдингі мемлекеттік салалық органдармен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып, өтемақы төлеу тетігін әзірледі, - дейді Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау филиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАН (суретте).

2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі жинақтарға өтемақы төленеді. Мұнда 18 тамыздағы американдық валюта 199,35 теңгені құраған доллар бағамы мен бағам 255 теңге болған 20 тамыздағы доллар бағамының айырмашылығы есептеледі. Бағамдық айырмашылықты төлеу бюджет есебінен және банктің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Мерзімі – 2 жыл ішінде.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана құны, Құрманның айтуынша, аз ғана көтерілген. Егер өткен жылы ол бір шаршы метрге 112 мың теңгені құраса, биыл, бәлкім 117 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Тұрғын үй құрылыс жинақ келісімшарттарына қосымша келісімдер жасау 2016 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Өтемақы алу үшін www.egov.kz порталында немесе банктің www.hcsbk.kz

сайтында электронды-санды қолтаңба арқылы келісімге қол қою керек.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ электронды-санды қолтаңба алу жөніндегі кеңестік және нақты көмек көрсету туралы «ХҚКО» РМК-нымен келісім жасады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

12 ақпан 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.