Атырау, 23 қыркүйек 19:51
Түнде ашық+14, таңертең +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

​Атыраудың мейірімді жүрегі

12 ақпан 2016 11:02

Өңірілік коммуникациялар орталығында өткен брифингте қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жетекшілері атыраулықтарды «Жақсылық жаса – Делай Добро» акциясына қатысуға шақырды.

- Біздің қоғамымызда өзіміз жасаған жақсылықтар туралы айтуға болмайды деген пікір қалыптасқан. Қазақта «Оң қолыңмен жасаған жақсылығыңды сол қолың білмесін» деген мақала бар. Біздің ұйымымыз осы қағидаға сүйеніп бір жыл жұмыс жасады, біз туралы ешкім ештеңе білмеді. Бір қиын кездерде маған әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрауға тура келді. Мұны жерлестеріміз жылы қабылдап, мыңдаған адам қолдау білдірді. Осыдан кейін мейірімділік туралы көп айтып, айналадағы адамдарды бір-біріне көмектесуге шақыру керек деген ойға келдім,- дейді «Атырау. Маленькая страна» ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ. Бұл ұйым мүгедек балаларды оңалту және оларды әлеуметтендіру саласында жақсы жұмыс жасап жүр.

«Асар Атырау» бастамашыл тобы жедел операцияны қажет ететін ауыр науқастанған балаларды емдеу үшін қаржы жинаумен айналысады. Ерікті Гаухар ҚУАНОВАНЫҢ айтуынша, топ әлеуметтік желілерде жұмыс жасайды, сондай-ақ түрлі акциялар, ойын-сауық шараларын, қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізеді.

Егер ауыр операция Қазақстанда жасалмайтын болса, шетелде емделуге квота ресімдеп, оған қоса сенімді қоғамдық ұйымдар арқылы қаржыландыру іздеу керек. Бүгінгі ауыр экономикалық жағдайға байланысты қайырымдылық жасаушылар азайып келеді, компаниялар осы бағыттағы бюджеттерін азайтқан. Дегенмен, үкіметтік емес ұйымдар арқылы қайырымдылыққа арналған қаржы жинауға болады. Осындай қаржы жиналып, емделіп келген Жанель ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫ мысалға келтіруге болады. Оның әкесі Наурызбек брифингте болды.

«Жүректен жүрекке» ҚБ жетекшісі Әйгерім ДОСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, оның ұйымы мүгедек балаларға көмекті ұйымдастыруда ірі компанияларға мүлдем хабарласпайды екен, оған өңіріміздің қарапайым тұрғындары шын жүректерімен қолдау білдіреді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

890 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры  2482 рет қаралды

Барлығың аулаға!   1063 рет қаралды

​ҚР Ұлттық банкі «Астана банкінің» салымшыларына үндеу жолдады   82 рет қаралды

Мемлекеттік қызметтің тағы 13 түрін бір реттік кілтсөз арқылы алуға болады  65 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6