Тайваньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 94-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен қатар, 28 адам жоғалып кетті.
Басылымның мәліметінше, қаза тапқандардың денелерінің көбі Тайнань қаласындағы 17 қабатты ғимараттың үйінділері арасынан табылған. Болжам бойынша, ғимараттың құлауына құрылыстың сапасыз материалдармен жүргізілуі себеп болды.
Еске салайық, Тайваньдағы магнитудасы 6,4-ке тең жер сілкінісі 6 ақпанда болған еді. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте пайда болған.
Дереккөз: tengrinews.kz