Атырау, 10 мамыр 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қалдықтарға қатысты: әкімді дұрыс түсінбеді

1 941 просмотра

Image 0Таяуда орталық БАҚ-тар Астанада өткен брифингте Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ Атырау облысында қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату зауыты салынады деген сөзін таратқан еді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ айтуынша, осы жерде жаңылыс болған:

Ол Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару жүйесін жаңғырту жобасында қарастырылған қоқыс полигонын салу туралы айтты. «Орнықты органикалық ластағыштардың қалдықтарын жою зауытын салу» жобасына келер болсақ, оны бастапқыда Павлодар облысында, кейін біздің облысымыздың Жылыой ауданында жүзеге асыру жоспарланды. Облыстық әкімдік бұл идеяны қолдамады.

«Дұрыс» жобаға оралсақ: Махамбет ауданының Алмалы ауылдық округінің аумағында алаңы 50 гектар жер телімі бөлінді. Қоқыс өңдейтін кешеннің қуаты жылына 100 мың тонна құрауы тиіс (экологтардың мәліметтері бойынша, 2015 жыл ішінде «Арнаулы автобаза» ЖШС қазіргі қоқыс орнына 85 мың тонна қоқыс шығарған).

Осы секілді жобалар Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында қарастырылған. Энергетика министрлігі жанында құрылған жұмыс тобы қазір халықаралық қаржы институттарымен және жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.

Қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, болжамды құны - 12 млрд теңге, – дейді Құттымұратұлы. – Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы мәселе жобаны қаржыландыру көзі анықталғаннан кейін шешілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 ақпан 2016, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.