Атырау, 26 қараша 18:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ТМД азаматтарына ЖОО-ларға түсу үшін тең құқық беріледі

1 331 просмотра

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – 10 ақпанда Минскіде ТМД атқару комитетінде Достастық елдерінің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі құжаттар жобасын үйлестіру және пысықтау бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті, деп хабарлады атқару комитетінің баспасөз қызметінен.

Сарапшылар ТМД елдерінің азаматтарына Достастық мемлекеттерінің оқу орындарына оқуға түсуіне және онда оқуына тең құқық беру туралы келісімшартты қарады.

«Құжат жобасында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер азаматтары өзара мойындалатын мемлекеттік үлгідегі жалпы және орташа кәсіби білімі барлығы туралы құжаттардың негізінде Достастықтың басқа елдеріндегі оқу орындарына мемлекеттік білім беру стандарттарының шегінде бюджеттік және ақылы орындарға оқуға түсуге тең құқығы болады делінген. Бұл ретте егер қажет болса, шетелдіктерге дайындық бөлімдерінде тіл үйрену курстарынан өту мүмкіндіктері беріледі», - делінген ақтару комитетінің баспасөз-қызметінің хабарында.

Одан басқа, осы отырыста ТМД елдерінің мұғалімдерінің съезін екі жылда бір рет өткізу, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жәрмеңкесін өткізіп тұру мәселесі қаралды.

Үйлестірілген жобалар ТМД үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 ақпан 2016, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.