ДАИШ-тың кезекті видеосында ағылшын тілінде сөйлеген төрт жасар бала Ұлыбританияның тыңшысымыз деп мойындаған үш ер адамды өлтірді.
Балаға осы лаңкестік топтың танымал баскесері Джихадидің есімі берілген. Бейнежазбада үш ер адам ағылшын тыңшыларымен байланысқа түскенін мойындайды, олардың қол-аяқтары көлікке кісендеулі. Кейін олар жарылғыш зат қойылған көлікке отырғызылады. Бұл сәтте камера алдына содырлардың басшысы баланы жетектеп шығады. Олар ағылшын премьері Дэвид Кэмеронға қарата сөз сөйлейді. Содырдың айтуынша, премьер өз тыңшыларын Сирияға жіберген.
Бала осыдан соң қашықтықтан басқарылатын пульттің батырмасын басады. Көлік жарылып, өртенеді.
Дереккөз: tengrinews.kz