Төтенше оқиға Астана уақыты бойынша таңғы сағат 06:00 шамасында тіркелді. Пунта-Кана қаласынан туристерді Мәскеуге алып ұшқан «Боинг» бес шақырым биіктікке көтерілген кезде қозғалтқыштарының бірі кенеттен өртене жөнелген.
НТВ арнасының хабарлауынша, «Оренбург әуе желілеріне» тиесілі лайнердің пилоты уақытылы дұрыс әрекет етіп, лаулаған ұшақты аман-есен жерге қондырыпты. Оқиға орнына келіп жеткен шұғыл әрекет ету қызметтері жабылып жүріп, лайнердің өртін сөндірді. Boeing 777 ұшағында 346 жолаушы сапар шегіп, олардың жиырма бесі жастары екіден аса қоймаған балалар болған. Ұшақ жолаушылары мен экипаждан бір де бір адам жараланған жоқ.
Дереккөз: Baq.kz