Атырау, 27 маусым 07:45
 дождьВ Атырау +20
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағытында қатынайтын пойыз жолға шықты

2 619 рет қаралды

Image 0Жаңа теміржол бағдары бойынша тұрақты тасымалды жолға қою үшін контейнерлік пойыз сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол бағдары бойынша сынақ ретінде жолға шыққан контейнерлік пойыз Түрікменстаннан Иранға бет алды.

Түрікменстан БАҚ-хабарлауынша, түрлі тауар тиелген пойыз қаңтар айының соңында Қытайдың Иу қаласынан шығып, Қазақстан аумағын кесіп өтіп, түрікменстандық Серхетяка стансасына жеткен. 9 күн ішінде теміржол көлігі 7 908 шақырымды еңсерді.

Мамандардың айтуынша, бірнеше күнде пойыз Иран астанасы Тегеранға жетеді.

Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағдарының жалпы ұзындығы 10 мың шақырымға жуықтайды. Пойыз жолда екі апта жүреді.

Дереккөз: BNEWS.KZ

11 ақпан 2016, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.