Франция, Ұлыбритания мен олардың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі одақтастары Ресейді Сирияның Алеппо қаласына әуе шабуылдарын тоқтатуға шақырды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 10 ақпанда Жаңа Зеландия мен Испанияның сұрауымен жабық жиын өтті. France Press агенттігінің хабарлауынша, онда Алепподағы гуманитарлық дағдарыс талқыланды.
Ұлыбританияның БҰҰ-дағы өкілі Мэтью Рикфорт Ресей Сиряида қақтығыс тоқтап, мұқтаждарға гуманитарлық көмек жеткізуге жағдай жасау үшін Сирия президенті Башар Асадқа ықпалын пайдалануы тиіс деп мәлімдеді.
АҚШ мемлектетік департаментінің жоғары шенді өкілі Бретт Макгурк Ресейдің Алеппо қаласының маңында Башр Асадтың қарсыластарына әуеден соққы беруі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының позициясын нығайтатынын айтты.
Сирия үкіметі әскері Ресей авиациясының қолдауымен Алеппо қаласына шабуыл бастағананн кейін 35 мыңға тарта сириялық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Бүгін Мюнхенде халықаралық Сирияға қолдау көрсету тобының кездесуі өтеді. Оған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен 20-ға тарта елдің сыртқы істер министрлері, оның ішінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады.
Дереккөз: azattyq.org