Атырау, 10 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 013 просмотра

Футбол

Image 0«Атырау» ФК македондық футболшы Александр ДАМЧЕВСКИЙМЕН (суретте) келісімшарт жасады.

«Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, Дамчевский орталық қорғаушы орнында ойнайды. Францияда туған, алайда, Македония құрамасы сапында өнер көрсетеді. 23 жастағы ойыншының бойы ұзын – 193 см. «Атырауға» дейін ол «Люцерн-2» (Швейцария), «Криенц» (Швеция), «Черноморец» (Болгария), «НАК Бреда» (Голландия) командаларының намысын қорғаған.

Суретті «Атырау» ФК баспасөз қызметі ұсынды

***


Кикбоксинг

Қарағандыдағы «Достар Әлемi» қонақүйі кешенінде кикбоксингтен Қарағанды және Атырау облыстарының құрама командалары арасында матчтық кездесу өтті.

Өңіріміздің намысын Жанәлі Сәлімгереев, Жандос Назарбеков, Азамат Өтемісов, Әсет Мейірлан мен Сағындық Қизатов қорғады. Бұлардың барлығы да әр жылдары ел чемпионы болғандар. Алайда бұл турнир оларға сәтті бола қойған жоқ. Матч 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Атыраулық команда қатарында жалғыз Сәлімгереев өз қарсыласын жеңді.

***


Таеквондо

Image 3Өскемен қаласында ер балалар, кадеттер және жасөспірімдер арасында таеквондодан (WTF нұсқасы) Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты өтті.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлері мен көрші Ресейден спортшылар қатысты. Біздің облысымыздың намысын олимпиадалық резервтер дайындау орталығының шәкірттері қорғады. Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жүлде алды: «алтын» - кадеттер арасында Диар Нәбиев, жасөспірімдер арасында Әділжан Сәрсенов пен Манас Нұрдосов; «күміс» - Диас Базарбаев, Әлихан Бағытжанов және Виктор Рудыкин. Бексұлтан Қабдрахманов «қолаға» қол жеткізді.

***

Күрес

Талдықорғанда ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Әкешай Жайлаубековтің жүлдесі үшін 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен турнир өтті.

Жаттықтырушы Б.Баймұратов-тың тәрбиеленушілері (№4БмЖСМ) Айбек Рахатов (63 келіге дейінгі салмақта) және Асхат Бахытжанов (85 келіге дейінгі) қола медальды иеленді. Сәуір айында Айбек пен Асхат Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өтетін республикалық турнирге қатысатын болады. Бұл турнирдің нәтижелері бойынша Тайландта өтетін Азия чемпионатына іріктеу жүргізіледі.

***


Хоккей

Хоккейден өткен ел чемпионатының кезекті турында «Бейбарыс» командасы павлодарлық «Ертіс» командасынан екі матчта да басым түсіп, жеңіске жетті.

Бірінші матчты жерлестеріміз 2:0, ал, екінші матчты 2:1 есебімен аяқтады. Турнирлік кесте бойынша 1-ші орында көкшетаулық «Арлан» (120 ұпай), одан кейін «Бейбарыс» (97), 3-ші орында астаналық «Номад» (85) келеді.

***


Бокс

Image 2Қарағандыда 1998-99 жылы туған жастар арасында бокстен 2012 жылғы Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиевтің жүлдесі үшін 5-ші республикалық турнир өтті.

Бес күн бойына еліміздің барлық өңірінен келген 90-нан аса боксшы өз бақтарын сынады. Атыраулықтардың ішінен 60 келіге дейінгі салмақ бойынша алаңға шыққан Қазбек Сапенов жеңімпаз деп танылды. Қазбек - Мақат ауданынан келген боксшы.

Жартылай финалда ол алаң иесінен басым түсті, ал, финалда Алматыдан келген қарсыласын тізе бүктірді. Жас боксшымызды Ринат Жұмағалиев пен Жандос Жұмабеков жаттықтырады.

Суретті облыстық бокс федерациясы ұсынды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 ақпан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.