Атырау, 26 қараша 18:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тәжікстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады

2 783 просмотра

Image 0Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік шекарасындағы үйлердің бірінде қырғыз туының ілінгеніне байланысты Қырғызстанға қарсылық нотасын жолдады.


Тәжікстанның Қырғызстандағы елшілігі мұндай әрекеттер тәжік-қырғыз шекарасын белгілеу және орнатуға қатысты үкіметаралық комиссия келісімдеріне және халықаралық ережелерге қайшы келеді деп санайды.

Тәжік тарабы бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізуді және алдағы уақытта мұндай жайттардың қайталанбауын талап етті.

2016 жылы 6 ақпанда шекара маңындағы Лейлек ауданына қарасты Мақсат ауылында Қырғызстан туы тігілген еді. Қырғызстанның шекара қызметінің хабарлауынша, бұл қырғыз аумағында тұрған және Қырғызстан азаматының иелігіндегі үй. Ол баспанасын уақытша Тәжікстан азаматтарына жалға беретін көрінеді.

Алайда тәжік тарабы қырғыздың туы шекараның даулы бөлігіндегі Тәжікстан азаматына тиесілі үйде орнатылды деп санайды.

Дереккөз: Baq.kz

10 ақпан 2016, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.