Ресейдің Красноярск өлкесінде апатқа ұшыраған Ми-8 жолаушылар тікұшағының бөлшегі. 26 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет) Ресейдің солтүстік-батысындағы Псков облысында әскери Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, тікұшақ 8 ақпан күні күнделікті әскери тапсырманы орындау кезінде құлады. Апаттан үш ұшқыш пен бір техникалық кеңесші мерт болды
Тікұшақтың не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Апат орнына құтқарушылар барды.
Ресейде соңғы жылдары 1960 жылдары шығарылған "Ми-8" тікұшақтарының апатқа ұшырауы жиілеген.
Дереккөз: Азаттық радиосы