Атырау, 6 желтоқсан 15:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Солтүстік Корея кемесі Оңтүстік Корея теңізіне кірді

2 978 рет қаралды

көрнекі суретСолтүстік Кореяның жағалау күзеті кемесі 8 ақпан, Пхеньян алыс қашықтыққа арналған зымыран ұшырған күннің ертеңінде Оңтүстік Кореяға тиесіл теңіз акваториясына кіріп, оңтүстік кореялық әскери кемелер ескерту ретінде оқ атқан соң шегініп кетті.

Солтүстік Корея билігі 7 ақпан күні таңертең президент Ким Чен Ынның бұйрығы бойынша «Кванмёнсон-4» жасанды жер серігін тиеген зымыран ғарышқа сәтті ұшырылғанын, спутник Жерді әр 94 минут сайын айналып шығатынын хабарлаған.

Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ Пхеньянның зымыран ұшыруының шынайы мақсаты - ядролық оқтұмсықты құрлықаралық баллистикалық зымыранмен нысанаға жеткізуді көздейді деп алаңдайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұған дейін Солтүстік Кореяға зымыран ұшыруға тыйым салған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 7 ақпанда өткізген шұғыл жиынында Пхеньянның зымыран ұшыруын қатаң айыптап, Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар салатын қарар қабылдайтынын мәлімдеген. Мәлімдемені Пхеньянның одақтасы Қытай және кеңестің өзге 14 мүшесі түгел қолдады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэрс қарар тезірек қабылдануы тиіс екенін және онда Пхеньян "мүлдем күтпеген қарсы шаралар" қамтылуы керек екенін айтты.

Дереккөз: azattyq.org

8 ақпан 2016, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.