Атырау, 27 желтоқсан 02:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ислам Кәрімов бір жынысты некелерді батыс мәдениетінің жиіркенішті құбылысы деп атады

1 560 рет қаралды

Фото: fergananews.comӨзбекстан президенті Ислам Кәрімов біржынысты некелерді батыс мәдениетінің жиіркенішті құбылысы деп атады. Бұл туралы ол Ташкент облысының Халық депутаттары кеңесінің сессиясында мәлімдеді, - деп хабарлайды rus.ozodlik.org.

"Ер адам ер адаммен өмір сүрсе немесе әйел әйелмен өмір сүрсе, меніңше, олардың сол жерінде бірдеңе дұрыс емес немесе бір өзгеріс болған", - деп келтіреді басылым Кәрімовтің сөзін.

Басылымның мәліметінше, гомосексуализмге немесе бір жынысты қарым-қатынасқа Өзбекстанда қылмыстық жаза қарастырылған, ал сексуалдық азшылық өкілдері өзбек қоғамында "үздіксіз қоғамдық қысымға" ұшырайды делінеді.

"Соңғы жылдары Интернетте Өзбекстанда гейлер мен трансвеститтерді ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеолар көптеп жарияланды. Өткен аптада Telegram мессенджерінде өзбек миллиционерлерінің әйелдің іш киімін киіп алған жас трансвестит пен оның серіктерін ұрып-соғып жатқаны көрсетілген видеоролик пайда болған еді", - делінген мақалада.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 ақпан 2016, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.