Атырау, 29 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Біреулер Наурызды жақсылап қарсы алуды армандап жүр

2 644 просмотра

Облыс әкімі әрі «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сайлау алды науқан барысын әкім орынтағынан бақылап отырады, өйткені заң бойынша депутаттыққа үміткерлер Парламент Мәжілісіне сайланған сәтке дейін өз құзіретін сақтай алады.

Ол сайлауға билік партиясының мүшесі ретінде қатысады, ал дауыс, баршаңызға белгілі, үміткерлерге емес, партияға беріледі.

- Партияның облыстық филиалының төрағасы үгіттеу бағдарламасына қатыспай ма?- деп сұрадым мен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат АЗМҰХАНОВТАН.

- Нұр Отан үшін үгіттеу жұмысын партияның басқа да мүшелері мен сенімді тұлғалары жүргізе алады. Біздің облысымыздан төрт адам үміткерлер тізіміне қосылған: Ізмұхамбетовтан басқа, Х. Досмұхамбетов атындағы АМУ ректоры Бейбіт Мамыраев, Каспий маңының қазіргі заманғы колледжі директоры Бақытгүл ХАМЕНОВА және «Ембімұнайгаз» директорының орынбасары Қанатбек ҚАСЫМҒАЛИЕВ, бұлардың барлығы Нұр Отан мүшелері.

Ел бойынша ұсынылған, құрамына қарапайым шенеуніктер мен облыс әкімдерімен қатар спортшылар мен әншілер кірген 127 нұротандықтың қайсысына депутат мандаты тиетіні партияның саяси кеңесі бюросы отырысында шешіледі: бұл жиналыс Астанадағы партияның орталық аппаратында сайлау өткеннен (сайлау 20 наурызға белгіленді) бес күнге дейін өткізіледі. Осылайша, саяси кеңес Ізмұхамбетовтың кандидатурасын мақұлдаса, наурыз аяғына дейін Атырау облысына жаңа әкім тағайындалады.

Естеріңізге салсақ, мәжілісте барлығы 107 орын бар, оның тоғызына Қазақстан халықтары ассамблеясы мүшелері отырады. Ал қалған 98 мандатқа НұрОтан мүшелерімен қатар басқа партиялар мүшелері таласқа түседі. Әзірге алдағы сайлауға түсуге тек ҚКХП (Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы), «Ауыл» және «Ақжол» партиялары ниеттерін білдірді. Бүгінде Қазақстанда тек жеті партия тіркелген.

ҚР ОСК деректері бойынша, бүгінде төрт партиялық тізім қабылданған: 30 қаңтарда Нұр Отан (127 адам), 2 ақпанда «Ауыл» ХДПП (19) және ҚКХП (22), 3 ақпанда «Ақжол» (35) өз үміткерлерін ұсынды. 3 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының тізімін тіркеді. Бұл партия бірінші болып өзінің сайлау алды штабтарын ашты.

Парламенттің төменгі палатасына сайлаумен қатар сол күні, яғни, 20 наурызда, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді. ҚР ОСК мәліметтеріне сәйкес, 4 ақпан күнгі жағдаймен республика бойынша 2 865 мәслихат депутаттығына үміткер ұсынылған. Облыстық мәслихатта 27 орын бар, Нұр Отанның атыралық филиалы әр орынға бір-бір үміткерін ұсынды. Қалалық мәслихатта 19 орын бар, билік партиясы бұған да 19 үміткерін үкілеп отыр. Айта кетсек, мәслихаттағы орынға партияда жоқ адамдар да түсе алады.

Осылайша, 20 наурызда біз бірден үш бюллетеньге белгі қоямыз – Парламент Мәжілісі орындарына үміткер партиялардың біріне (барлық сайлау учаскелерінде), облыстық мәслихат пен қалалық мәслихатқа үміткерлердің біріне дауыс береміз.

... Осы тақырыпта azh.kz сайтында соңғы жарияланған сауалнамаға 1 764 адам қатысып, дауыс берушілердің 83%-ы алдағы сайлауға қатысқысы келмейтіндіктерін айтқан.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
7 ақпан 2016, 19:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.