Атырау, 17 желтоқсан 17:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Индер ауданында әйел адам қатігездікпен өлтірілді

3 005 рет қаралды

5 қарашада күндіз Индер аудандық ішкі істер бөліміне бірнеше жерінен пышақталған әйел адамның денесі табылды деген хабар келді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, АІІБ қызметкерлері 21 жастағы Индер кентінің тұрғынын адам өлтірді деген күдікпен ұстаған. Одан айғақ зат – алтын әсемдік бұйымдары табылған. Тергеу кезінде 54 жастағы әйел үйінде жалғыз болған (ұлы вахтаға кеткен). Бұл туралы білген қылмыскер 5 ақпанға қараған түнде тонау үшін оның үйіне терезе арқылы кіреді. Алайда үй иесі әйел дыбысқа оянып кетіп, тонаушы асхана пышағымен бірнеше рет ұрады.

Күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
6 ақпан 2016, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.