Атырау, 12 мамыр 23:30
 бұлттыВ Атырау +21
$ 516.01
€ 582.47
₽ 6.26

«Стартап Атырау 2016» жобасына өтініштер беру мерзімі ұзартылды

1 888 просмотра

Image 0Естеріңізге салсақ, жыл басында «Атырау Innovations» ЖШС (құрылтайшы – Атырау облыстық кәсіпкерлік және инновациялық-индустриалдық даму басқармасы) келешегі бар бизнес қожайындары үшін байқау жариялады Бизнес бастадыңыз ба? Инвестор табуға мүмкіндік бар!»). Өтініштерді қабылдау 31 қаңтарда аяқталады деп жобаланған болатын, алайда ұйымдастырушылар бұл мерзімді 20 ақпанға дейін ұзартты.

Бизнесмендерден мерзімді ауыстыру туралы өтініштер көп түсуіне байланысты осындай шешім қабылданды, - деп түсіндірді «Атырау Innovations» ЖШС директорының орынбасары Әділбек ТАНКИЕВ. Біз өз жобаларын жүзеге асырғысы келгендерге қосымша мүмкіндік беруді ұйғардық.

Өтініштер бизнес-инкубаторда (Южная промзона-1, Ақансері көшесі, 4) қабылданады. Қабылдау шарты мен қажетті құжаттар тізімін 58 63 32 телефоны арқылы немесе startup.atyrau@gmail.com электронды мекенжай бойынша нақтылап алуға болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 ақпан 2016, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.