Сирия билік әскері Алеппо провинциясындағы Нобуль және Эз-Захр қалаларын қоршауға алды. Бұл екі қала да ел Президенті Башар Асад режиміне қарсы көтерісшілердің бақылауында болған.
«Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар үкімет әскерін қуана қарсы алған көрінеді. Нобуль және Эз-Захр – Алеппо шаһарына жақын жатқан қалашықтар. Сирия мен Түркия шекарасынан 50 шақырым жерде орналасқан. Олар билік әскерінің бақылауына өткен жағдайда оппозициялық күштердің ықпалы едәуір әлсірейді.
Дереккөз: Baq.kz