Атырау, 30 мамыр 17:20
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Темекі тұқылы үшін елден шығарылды

3 853 рет қаралды

Image 0
Өзбекстан азаматы темекі тұқылын тастағаны үшін ҚР аумағынан шығарылды.

Қалалық сот Өзбекстан азаматы К.Кодировты ҚР аумағынан шығару жөніндегі азаматтық істі қарады.

Ол С.Датов көшесінің бойындағы «Овощи-Фрукты» дүкенінің маңында белгіленбеген жерге темекі тұқылын тастап, ҚР ӘҚтК-те ұсақ бұзақылық деп жазылған іс-әрекет жасаған.

- «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР заңының 28-бабына сәйкес, егер ол біздің заңнамамызды бұзса елден шығарылуы мүмкін, - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ. – Сондықтан сот осындай шешім қабылдады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 ақпан 2016, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.