АСТАНА. ҚазАқпарат - «YouTube» видео сервисі атақты видео блогерлер түсірген өз бағдарламалары, сериалдары мен қысқа метражды фильмдерінің премьерасы көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Өз сериалдары мен фильмдерін «YouTube Red» ақылы сервисі арқылы көрсетеді.
Компания хабарлағандай, алғашқы премьера «Scare PewDiePie» сериалы болмақ. Басты рөлді «PewDiePie» лақап атымен танымал болған видео ойындар комментаторы, швед Феликс Кьеллберг сомдайды. Қазірде оның «Кьеллберг» арнасынада 42 миллион жазылушы бар.
Шоу 10 ақпаннан бастап, «YouTube Red» сервисінің жазылушыларына қолжетімді болмақ.
Дереккөз: inform.kz