Атырау, 19 мамыр 07:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде төртінші орынға көтерілді

2 138 просмотра

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде төртінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Bloomberg.

31 жастағы Цукербергтің байлығы 50 миллиардқа бағаланды. Ол тізімнің жоғарғы жағындағылардың арасында жыл басынан бері байлығы көбейе түскен жалғыз миллиардер болып отыр. Айта кетейік, 2016 жылы Facebook акциялары 9,5 пайызға қымбаттады.

Жаңа рейтингте Цукерберг Amazon басшысы Джефф Безос пен Movil SAB иесі Карлос Слимді басып озды. Үздік үштікке Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, Inditex басшысы Амансио Ортега мен инвестор Уоррен Баффет кірді.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 ақпан 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.