Атырау, 19 мамыр 06:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресейде тіркелген жұмыссыздар саны 1 млн адамнан асып кетті

2 637 просмотра

Алматы. 2 ақпан. ҚазТАГ – Ресейде 27 қаңтарда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1 млн адамнан асып кетті. Осындай мәліметтер еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарық көрді.

Апта сайынғы мониторинг ақпарынша, 20-сынан 27 қаңтарға дейін тіркелген жұмыссыздар саны 3,4% артып, 1 млн 1 мың адамды құраған. Өткен апта қорытындысы бойынша олардың саны 968 мың 639 адам болған еді.

2015 жылдың басынан бері жұмыссыз азаматтар санының тұрақты өсіп келе жатқаны байқалған еді. 29 қаңтарда еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин 2015 жылы барлық елдімекендерде жұмыссыздық деңгейінің 10%-ға, ал моноқалаларда 20%-ға өскенін айтты. Бұл ретте министр барлық моноқалалар еңбек нарығындағы жағдай тұрғысынан алып қарағанда жағдайлары қиын деп айтуға болмайтынын атап өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 ақпан 2016, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.