Алматы. 2 ақпан. ҚазТАГ – Бірнеше қаржы ұйымдарының сарапшылары мұнай бағасы осы жылдан бастап көтеріліп, 2017 жылы жалғасын табады деп болжап отыр, деп хабарлады ВВС орыс қызметі.
Capital Economics-те биыл мұнай бағасы барреліне $45 дейін өседі, ал 2017 жылы $60 дейін жетеді деп болжауда. Оның үстіне өсім осы жылдың екінші тоқсанында басталады деп отыр.
Бұл ретте компанияда мұнай бағасының жақын арада қазіргі мәннен де төмендеуі мүмкін екенін айтуда. Алайда ол қалай тез төмендесе, сосын соншалықты тез өсетін болады.
Компанияда мұнай бағасының өсуі ОПЕК құрамына кірмейтін елдерде мұнай өндірудің азаюымен байланысты деп түсіндіреді. Ең алдымен ол АҚШ-қа қатысты, ол жақта кейбір ұңғымаларды ингеру тиімсіз болуына байланысты мұнай өндіру азая бастаған. Бұл, сарапшылардың пікірінше, мұнайға деген сұраныстың артуы фонында орын алып отыр.
Bank of America Merrill Lynch-те 2015 жылы мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1,7 млн баррельге өсіп отырғанын атап өтті. Бұл соңғы 10 жылдағы ең ірі көрсеткіштің бірі болуда. Дүйсенбіде жарияланған банк баяндамасына сәйкес мұнайға деген сұраныс орта есепте алдағы бес жылда тәулігіне 1,2 млн баррельге өсуі мүмкін.
Бағаның арзандауы осыған дейін байқалған жаһандық үрдістің біразын өзгертті, деген сенімде BofA-да. Мәселен, тұтынушылар, қайтадан үлкен үнемді емес көліктерді сатып ала бастаған.
Банк те, сондай-ақ мұнай бағасы екінші тоқсанда өседі деп күтуде. Brent маркілі мұнайдың бағасы екінші тоқсанда барреліне $44, ал жыл аяғына қарай ол $53 дейін барады. 2016 жылы Brent маркілі мұнайдың баррелінің бағасы $46, ал 2017 жылы – $61 болады.
Басқа сарапшылар да осыған ұқсас болжамдарын айтуда. Өткен аптада жарияланған Fitch агенттігінің баяндамасында биыл мұнай бағасы $45, келесі жылы – $55, ал ұзақ мерзімді болашақта – $60 болады деп отыр.
Дереккөз:ҚазТАГ