Атырау, 30 мамыр 17:19
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Әуежай тас жолындағы өлім (ФОТО)

3 877 рет қаралды

«Уорли Парсонс» компаниясы ғимаратының алдындағы әуежай тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан «Ниваның» ішінде отырған 1977 жылғы жолаушы әйел қаза тапты.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, күндізгі сағат 12-лер шамасында «Уорли Парсонс» жақтан әуежай тас жолына Киа көлігі шыққан, рөлде осы компанияның қызметкері отырыпты.

Киа жүргізушісі Ланд Крузер 200 көлігімен бетпе-бет соқтығысады. Бұл көлік қала жақтан әуежай жаққа қарай бара жатқан. Соқтығысу салдарынан Ланд Крузер қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа машинаға - әуежай жақтан келе жатқан Ниваға соққан. Ал артқы жағында келе жатқан ВАЗ-21014 көлігі Нивамен соқтығысады. ЖҚО салдарынан Нива жолаушысы көз жұмды. Оқиғаны анықтаумен ІІД анықтау басқармасы айналысуда, - деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Апат куәгерлерінің айтуынша, Нива жүргізушісі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 ақпан 2016, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.