Атырау, 26 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Хэммонд: Ресей Сириядағы дағдарысты ушықтырып отыр

1 226 просмотра

Фото: РБКРесейдің Сириядағы әрекеті Сирия дағдарысын одан ары ушықтырып, қақтығыс аймақтарынан босқындардың жаппай кетуіне мәжбүрлейді деп мәлімдеді Reuters агенттігіне берген сұхбатында Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филипп Хэммонд.

Иорданияда сапарлап жүрген Хэммонд "Сирияда біз жасауға талпынып жатқан істеріміздің барлығын Ресей бұзып жатыр. Ресей өкілдері келіңдер сөйлесейік дейді. Мәселе мынада: олар сөйлеп тұрып бомбалауын жалғастыра береді. Олар Башар Асадты қолдайды" деді.

Мәскеудің мәлімдеуінше, ресейлік ұшақтар "террористер позицияларына" соққы беріп жатыр. 1 ақпанда Ресей қорғаныс министрлігі соңғы аптада Ресей әскери-әуе күштері 468 рет әскери тапсырмамен ұшып, "террористерге" 1300 соққы жасағанын айтқан. Бірақ гуманитарлық ұйымдардың өкілдері соққылардың көпшілігінде бейбіт тұрғындар нысанаға алынатынын айтады.

Хэммондтың сөзінше, Ресей әуе шабуылдарының 30 пайыздан азы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қатысы бар нысандарға жасалады, ал көпшілігі Башар Асад әскерімен соғысып жатқан қалыпты оппозиция күштеріне бағытталады.

"Ресейдің килігуінен соң Иорданиядағы босқындар лагерлерінен Сирияға қайтып оралып жатқан сириялықтардың қарасы мүлдем азайды. Ресейдің әрекетінен Сириядан кетіп жатқандар саны көбейді" деді Хэммонд. Ол бұған қоса Мәскеудің Сирияда не ойлағаны барын түсіну мүлдем мүмкін емесін айтты. Хэммонд Мәскеудің бұл әрекеттері мемлекеттік деңгейде талқыланбайды, ол Путиннің жеке шешімі деген пікір айтты.

Дереккөз: azattyq.org

2 ақпан 2016, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.