Атырау, 18 мамыр 19:58
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Көктен түскен "отты қол" тұрғындардың зәресін алды

2 358 просмотра

Image 0

Көктен түскен "отты қол" Партугалияның Мадейра аралының тұрғындарының зәресін алды. Түр-түсімен отты қолға ұқсайтын бұлтты интернет қолданушылары "Құдайдың отты қолы" деп те атап кетті, - деп хабарлайды НТВ.

Әсерлі табиғи құбылысты португал фотографы әрі блогер Рожерио Пачеко суретке түсіріп алыпты. Желіге салынған сурет "Құдайдың қолы" деген атаумен тарай бастады. Кейбір қолданушылар бұл құбылыстың не білдіретінін анықтамақ болды, бірі оны жақсылыққа жорыса, бірі адамзаттың қасіреті деуге де барды.

Ал өз кезегінде метеоролгтар бұл табиғи құбылыстың ешқандай да сырының жоқтығын айтады. Сөйтсек, суретте лентикуляр бұлт түсірілген, ол дымқыл будың конденсациясынан ауа қабаттарының арасында түзіледі екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

31 қаңтар 2016, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.