Атырау, 26 қараша 16:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тәжікстан: "Заңсыз валюта айырбастау" бойынша іс қозғалды

1 846 просмотра

Image 0Тәжікстанның Соғды облысының прокуратурасы облыстың 358 тұрғынының үстінен "шетел валютасымен заңсыз айырбас жасағаны" үшін іс қозғалғанын мәлімдеді.

Азаттықтың Тәжік редакциясының айтуынша, облыс прокуроры Хабибулло Вохидов Худжанд қаласында өткен баспасөз жиынында 73 адамның үстінен қылмыстық іс, 285 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалғанын айтқан.

Желтоқсанда Тәжікстан ұлттық банкі "шетел валютасы бағамын қымбаттатып отыр" деп банктен тыс валюта айырбастау пунктерін жапқан. Жаңа ереже бойынша, барлық валюталық операциялар тек банктер мен несие ұйымдарында жүргізілуі тиіс. Ұлттық банк басшысы Джамшед Нурмухаммадзода 26 қаңтарда билік "заңсыз валюта айырбастағаны" үшін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастырып жатқанын айтқан. Ол банктен тыс орындарда жасалған кез-келген валюта айырбасын заңсыз деген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 қаңтар 2016, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.