Атырау, 26 қараша 16:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресей: Немцовтің өліміне қатысты тергеу аяқталды

2 419 просмотра

Image 0Ресейлік оппозицияшыл саясаткер, қастандықтан қаза тапқан Борис Немцов. Ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты қылмыстық істе тергеу аяқталды деп хабарлады Ресей тергеу комитеті. Немцовты өлтіруге қатысты Заур Дадаев, Анзор және Шадид Губашевтерге, Темирлан Эскерханов пен Хамзат Бахаевке айып тағылды.

Тергеу комитеті Немцовты өлтіруге тапсырыс беріп, қастандықты ұйымдастырды деп айыптаған Руслан Мухудиновке қатысты қылмыстық іс кеше жеке тергеу жүргізу үшін бөлек шығарылған. Немцов отбасының адвокаты Вадим Прохоров Мухудиновтың "тек қастандықты орындайтын адам жалдаушы" екенін айтып, ""нағыз ұйымдастырушыны табу керек" дейді.

Немцовтың туыстары қастандықты Мухудинов ұйымдастырған келіспейді. Олар Немцовтың өліміне Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен оның айналасындағы адамдардың қатысы бар дейді.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудің орталығында атып кеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 қаңтар 2016, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.