Атырау, 25 желтоқсан 18:32
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Жүксалғыштан ұрланған қосалқы бөлшектер табылды

2 347 рет қаралды

28 қаңтарда ертемен Химпоселкеде теміржол өткелінің маңында жол жиегінде тоқтап тұрған «Лада-Калина» көлігі «Батыс» мобильдік полиция тобының назарын аударды.

Көлік ішінде Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылының 1993 жылғы және 1994 жылғы төрт тұрғыны болған. Ал жүксалғыштан полицейлер КамАЗ-дың 4 аккумуляторын тапқан. Жастар көп бұлтақтамай, бірер сағат бұрын бұл аккумуляторларды түрлі-түсті металлдар қабылдайтын орынға тапсыру үшін жүк көліктерінен түсіріп алғандарын мойындады.

- Төртеуі де ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, - дейді Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. – Соңғы екі айда қаладан 12 көлік аккумуляторы ұрланған. Сондықтан ұсталушылардан осы қылмыстарға қатыстылығы жөнінде жауап алынуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

29 қаңтар 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.