Атырау, 26 қараша 16:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ Энергетика министрлігінде әлемдік мұнай бағаларының жыл ішінде өсетінін болжап отыр

1 556 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік мұнай нарығында ұсыныс сұраныстан әлі де тәулігіне шамамен 1,5 млн. баррельге асып отыр, бірақ бұл сан бірте-бірте қысқаруда, бұл мұнай бағаларының болашақта өсіміне әкеледі. Осындай бағалауын бейсенбі күні Колумбия унивреситетінің жанындағы Жаһандық энергетикалық саясат орталығындағы конференцияда АҚШ Энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасының бастығы Адам Семински айтты.

Оның пікірінше, «жыл ішінде» сұраныстың теңдестірілуі мен әлемдік мұнай нарығындағы ұсыныстарды күтуге болады.

Нарықтағы жағдайға қазіргі кезде бірнеше фактор, атап айтқанда, АҚШ-та тақтатас мұнайын шығару құны әсер етіп отыр, деп жалғастырды ол. Оның бағалауынша, тақтатас мұнайын өндірумен айналысатын американдық компаниялар «баррель үшін тек 50 доллардан кем болмайтын баға кезінде ғана өмір сүре алады», және баррель үшін шамамен 30 доллар ағымдағы бағалар кезінде, АҚШ-та мұнай өндіру көлемі айына 1-2 пайызға төмендейді. Егер баға бір баррель үшін 50-75 долларға дейін өскен жағдайда ғана, компаниялар жаңа ұңғымаларды бұрғылауды бастайды, деп жазады ТАСС.

Дереккөз: inform.kz

29 қаңтар 2016, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.