Атырау, 26 қараша 16:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Венесуэла мен Иран БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс беру құқын қайтарып алды

1 210 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэла, Иран және тағы 5 ел дүниежүзілік ұйымның бюджетіне берешектерін өтеп, БҰҰ Бас Ассамблеясындағы дауыс беру құқығын қайтарып алды.

Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті.

«Төлем Бахрейн, Бурунди, Доминикан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Мали, Сент-Винсент және Гренадин, сондай-ақ Венесуэладан түсті»,-деп атап өтті ол.

18 қаңтарда бас хатшы Пан Ги Мун Бас Ассамблеяға хат жолдап, берешектеріне байланысты 10 ел дауыс беру құқығынан айырылғандығымен хабардар еткен еді.

Стефан Дюжарриктің журналистерге хабарлауынша, 2016 жылдың жарнасын қазірдің өзінде 20 мемлекет төлеп те қойған.

Дереккөз: inform.kz

29 қаңтар 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.