Атырау, 26 қараша 16:44
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Швеция соты ЮКОС дауын Ресей пайдасына шешті

1 469 просмотра

Image 0Швецияның апелляциялық соты Стокгольмдегі арбитрлық соттың испан инвестициялық қорларының 2012 жылы берген шағымы бойынша Ресейді ЮКОС компаниясынан тартып алған мүлкі үшін өтемақы өндіруді міндеттеуге құзыреті жоқ деп таныды. "Коммерсант" басылымының хабарлауынша, бұл Ресейдің арбитрлық соттың испаниялық қорларға 2 миллион доллар мен оның пайыздық үстемесін өтеп беру туралы шешімін жоюды талап етуіне негіз бола алады.

2007 жылы ЮКОС компаниясы банкрот деп танылып, оның автивтері жаппай сатылымға шығарылған соң испаниялық жеті инвестициялық қор компанияны Ресей үкіметі меншіктеп алды деп, өзі салған инвестициялар үшін өтемақы талап еткен.

Даудың сотта қаралуына Испания мен СССР арасында 1990 жылы жасалған инвестицияны қорғау және қолдау туралы келісім негіз болған. Арбитрлық сот төрт қордың шағымын қабылдап, дауға қатысты өз шешімін шығарған.

Арбитрлық сот салыққа қатысты шағым "ЮКОС активтерін тартып алып, оны "Роснефть" компаниясына өткізіп беруге" себеп болды деген. Сот Ресей үкіметін ЮКОС-ты әдейі банкрот қылды және оның нәтижесінде компания активтерінің көбін мемлекеттік "Газпром" мен "Роснефть" компаниялары иеленіп кетті деп тапқан.

Ресей Стокгольм арбитрлық сотының шешіміне қарсы Стокгольмнің аралық сотына, кейін округтік сотына қарсылық білдіріп, тек апелляциялық сотта жеңіп шығып отыр.

Дереккөз:Азаттық радиосы

28 қаңтар 2016, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.