Атырау, 26 қараша 16:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Зика вирусы Никарагуаға жетті

1 407 просмотра

Image 0

Эбола дертін алмастырған Зика вирусы әлем елдерін алаңдатып отыр. Кеше Никарагуа үкіметі елде екі адамның Зика вирусын жұқтырғанын хабарлады. Орталық Америка Республикасы – вирус жалмаған 22-ші ел, деп жазады РИА-Новости.

Үкіметтің ресми өкілі Росарио Мурильоның айтуынша, қатерлі дертке шалдыққандар – ел астанасы Манагуа қаласының 23 пен 41 жастағы тұрғындары. «Қазір олардың жағдайы тұрақты»,- деді Мурильо.

Сондай-ақ ол жұма күні Зика, денге және Чикунгунья вирустарына қарсы күрес туралы арнайы форум өтетінін мәлімдеді.

Зика вирусы адамға маса арқылы жұғады. Әсіресе вирус жүкті әйелдер үшін өте қауіпті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарпатынша, өткен жылдың сәуірінен бері Бразилияның 18 штатында жарты миллионнан астам адам Зика вирусын жұқтырған.

Дереккөз: bnews.kz


28 қаңтар 2016, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.