Атырау, 20 мамыр 20:41
 ашықВ Атырау +13
$ 510.78
€ 576.06
₽ 6.35

Сот залынан

2 525 просмотра

Image 0Махамбет аудандық соты Б.Х.-ны бөгде аулаға мал қорасынан шыққан қалдықтарды лақтырғаны үшін жазалады. ҚР ӘҚтК 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша оған 19 820 теңгеге айыппұл салынды.

*****

Атырау тұрғыны С.Ж. да осы бап бойынша жазаланды. Ол сауда орталығы жанында темекі шегіп, тұқылын аяғының астына тастап, осылайша «жалпы қолданыстағы орынды ластаған». Мамандандырылған әкімшілік сот оған 21 210 теңге айыппұл салды.

*****

Құлсарының мас тұрғыны К.К.үйінде өз анасын ұрып-соққан. Сотта ол өкініп, анасынан кешірім сұрады. Бірақ анасы сотқа ұлының үнемі ішетінін, оған тыныштық бермейтінін айтып, жаза тағайындауды өтінді. Ол Жылыой аудандық сотының үкімімен К.К. ҚР ҚК-нің 108-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру») бойынша кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жасау жазасын алды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің материалдары бойынша

28 қаңтар 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.