Атырау, 2 мамыр 17:24
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Есірткі сақтаған есерсоқ ұсталды

2 415 просмотра

23 қаңтарда Атырау-Индер трассасында ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Тойота-Прада» автокөлігін тоқтатты.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 36 жастағы жүргізушінің күртесі қалтасынан «Парламент» темекісінің қорабына салынған белгілі иісті, жасыл түсті зат табылды. Автокөлікті қарап тексеру барысында алдыңғы отырғыш астынан осындай күмәнді зат салынған дорбаша табылды. Жүргізуші қарасора сақтағанын мойындады және Индер ауданы Елтай ауылындағы туысқандарының үйін көрсетті. Полиция қызметкерлері бұл үйдің сарайынан осындай зат салынған тағы бір дорбаша тапты. Сараптама мұның қарасора екенін растады. Жалпы салмағы бір келіге жуық. ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағы («Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2016, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.