Атырау, 27 сәуір 13:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Мұз үстінің тазалығын сақтайық!

2 003 просмотра

Image 0Жайық өзенінде мұз қатқаннан кейін қаламыздың әуесқой балықшылары, сондай-ақ қала қонақтары қысқы балық аулауға шықты. Бұл таза ауада достармен, «әріптестермен» әңгіме айтып, жағымды уақыт өткізетін демалыс.

Дегенмен, демалыс кезінде қарапайым ережелерді ұмытпаған жөн. Атырауда кез келген адам қыста сейсенбі мен сәрсенбі күндері балық алуға тыйым салынғанын білетін сияқты еді, алайда көпшілігі бұл туралы естімепті. Сондай-ақ, балыққа шығарда қалтаңызға жеке куәлігіңізді салып жүру керектігін білгеніңіз де абзал.

Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар туралы естеріңізге салайық. Биылдан бастап, АЕК мөлшерінің өзгеруіне байланысты бұл өсіп, 21 210 теңгені құрады. Айыппұлды жеті күннің ішінде төлеген жағдайда заңнамаға сәйкес сома 50%-ға қысқарады. Атырау балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінің жүргізген рейді кезінде балықшылар арттарына бос бөтелкелер, целлофан дорбалар және т.б. қоқыстар қалдырып кететінін анықтады. Өзен мұзының үстінде Арнайыавтобаза қызметкерлері қоқыс жинамайды, олардың жұмыстары онсыз да жеткілікті болар. Сондықтан да балықшылардың өздері мұқият болып, қоқыстарын шашпаса екен. Күн жылынып, мұз ерігенде бұл қоқыстардың барлығы өзіміз ішіп отырған суға кетеді емес пе?

Ақжан Зұлқарова, Атырау инспекциясы бөлімінің бас маманы

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.